Семинардың мақсаты: медициналық ұйымдарда қан арқылы жұғатын инфекциялардың төтенше жағдайларындағы қауіпсіздік шаралары бойынша консультативтік-әдістемелік көмек көрсету.
Эпидемиология бөлімнің дәрігер эпидемиологы З.Б. Рахимбаева «В», «С» гепатиті және АИТВ-инфекциясының қан арқылы жұқтыру қаупі мен алдын алу шаралары мен туралы түсіндіріп берді. АИТВ инфекциясы бойынша төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмі мен құжаттаманы енгізу мәселелері талқыланды.