2025 жылғы 14 қарашада Астана қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар шеңберінде АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы А. И. Жаманованың № 49 Қ. Кеменгерұлы атындағы орта мектепте 9-11 сынып оқушыларымен кездесуі өтті.
Іс-шара барысында профилактикалық жұмыс бөлімінің маманы оқушыларға АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу шаралары туралы айтып берді. Қатысушылар вирустың жұғу жолдарының ерекшеліктері туралы білді.
«Мұндай кездесулер әсіресе жастар үшін маңызды, өйткені олар мамандардың өздерінен сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді, ең бастысы, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйретеді», деп атап өтті А.И. Жаманова.
Іс-шара ашық және достық атмосферада өтті: оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті және маманға сұрақтар қойды.










