Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауына орай, еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеру және «Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтардың арасында «Астана патриоты» атты республикалық байқауы өткізілді.

Aiman 2

       Осы аталған байқауға Орталығымыздың диагностикалық лаборатория бөлімінің аға лаборанты Айман Сабитова қатысып, қоғам дамуына қосқан айрықша еңбегі үшін «Астана патриоты» төсбелгісімен, арнайы статуэтімен және І дәрежелі дипломмен марапатталды.

А.С. Сабитова Көкшетау қалалық медициналық колледжінде оқыған, медицина саласында 25 жыл қызмет атқарады. Оқудан кейін ұзақ жылдар Ақмола облысы ЖИТС- ке қарсы күрес орталығында ұзақ жылдар лаборант болып қызмет атқарған. 2011 жылдан бері Астана қаласы АИТВ орталығында аға зертханашы болып жұмыс істейді.

"Айман Сералиқызы - өз ісінің нағыз маманы, оның адалдығы, жауапкершілігі мен кәсібилігі үлкен құрметке лайық. Мұндай маман біздің ұжымда жұмыс істейтінін мақтан тұтамыз!", - деп атап өтті зертхана меңгерушісі С.Б. Айтмағамбетова.

Әріптесімізді лайықты марапатымен құттықтаймыз және азаматтардың денсаулығын сақтау мен нығайту жолында ортақ іске қосқан үлесі үшін шын жүректен алғыс білдіреміз, амандық пен жаңа жетістіктер тілейміз.

 WhatsApp Image 2025 08 06 at 08.45.58

 Сабитова 2