Печать
Категория: Uncategorised
Просмотров: 91

  09.09.2025 ж. АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологиялық бөлімінің эпидемиологдәрігері Жакупова Б.Р., «ONEGE Емдеу» ЖШС медицина қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізді.   

WhatsApp Image 2025 09 11 at 10.07.06

            Семинарда Қазақстан Республикасындағы және Астана қаласындағы 2025 жылдың 8 айындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы таныстырылды.

ҚР ДСМ-нің 27.11.2020 ж. № 211 бұйрығына сәйкес АИТВ-инфекциясы кезінде мүмкін болатын аурулар мен белгілер, анықталған жағдайда халықты клиникалық көрсеткіштер бойынша АИТВ-инфекциясына тексеруге ерекше назар аударылды. Аппатық жағдайлар кезіндегі іс-әрекет алгоритмі, АИТВ-ның постконтакті профилактикасын тағайындау, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелерін де қарастырды.

Семинар барысында спикер қатысушылардың назарын АИТВ-инфекциясын диагностикалау, тестілеу түрлері, оның ішінде экспресс тест өткізуге аударды.

Семинардың мақсаты АИТВ-инфекциясының алдын алу және диагностикалау мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің хабардарлығын, кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ медициналық көмек алу кезінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге жол бермеу болып табылады.