Печать
Категория: Uncategorised
Просмотров: 77

     Астана қаласы Қасым Қайсенов атындағы № 27 мектеп-лицейінің 9-11 сынып оқушыларына АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өткізілді.

WhatsApp Image 2025 09 15 at 10.44.03 1

    АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының алдын алу бөлімінің дәрігер-эпидемиологы А.И.Жаманова өз сөзінде АИТВ-ның берілу жолдары мен қорғау шаралары, АИТВ-мен ауыратын адамдарды кемсітуге және стигмаға жол бермеу тақырыптарға тоқталды. Қоғамда АИТВ-мен байланысты көптеген мифтер бар, кейбіреулері қорқыныш және де басқа жағымсыз эмоциялар тудырады.

         Салауатты өмір салтын ұстану, өз денсаулығына және жақын адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарау - жас ұрпақ үшін өзекті мақсаттар. Оқушылар бүгін дәрісте алған АИТВ, ЖЖБИ, нашақорлықтың алдын алу бойынша жаңа білімдері осы мақсаттарға қол жеткізуді жақындатады, деп сендірді ұйымдастырушылар.  

Дәріске _ _ _ астам оқушы қатысып, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.