Печать
Категория: Uncategorised
Просмотров: 28

      АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының қызметкерлері 2025 жылғы 17 қыркүйекте «Трансфузиология ғылыми – өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК-мен бірлесіп семинар-кеңес өткізді.

WhatsApp Image 2025 09 18 at 16.39.10

       Кездесу күн тәртібінде - 2025 жылдың 8 айындағы донорлық қан қауіпсіздігі бойынша бірлескен жұмыстың қорытындысы.

    Семинар-кеңесте спикерлер АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ инфекциясы ағымының клиникалық ерекшеліктері, АИТВ инфекциясы кезінде мүмкін болатын симптомдар туралы айтып берді, ҚР ДСМ 27.11.2020 ж. №211 бұйрығына сәйкес донорлар арасында ерте профилактика шараларына, қан донорларына тестке дейінгі кеңес беруге ерекше назар аударылды.

     Семинар-кеңес шеңберінде профилактикада түсіндіру жұмыстарын қоса алғанда, халықтың хабардарлығы шешуші рөл атқаратыны атап өтілді.

Семинар-кеңес барысында қатысушылар ТҒӨО-да инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, трансфузиялық берілу жолының алдын алудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ АИТВ-инфекциясының байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі алдын алу мәселелері талқыланды.

     Кездесудің мақсаты донорлық қанның инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды талқылау және әзірлеу және АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастық болып табылады.

 WhatsApp Image 2025 09 18 at 16.39.09