24.09.2025 ж. АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологиялық бөлімінің эпидемиологдәрігері Жакупова Б.Р., «№ 2 қалалық емхана» ШЖҚ КМК медицина қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізді.  Семинарда Қазақстан Республикасындағы және Астана қаласындағы 2025 жылдың 8 айындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы таныстырылды.

WhatsApp Image 2025 09 25 at 11.12.15

 

   ҚР ДСМ-нің 27.11.2020 ж. № 211 бұйрығына сәйкес АИТВ-инфекциясы кезінде мүмкін болатын аурулар мен белгілер, анықталған жағдайда халықты клиникалық көрсеткіштер бойынша АИТВ-инфекциясына тексеруге ерекше назар аударылды. Аппатық жағдайлар кезіндегі іс-әрекет алгоритмі, АИТВ-ның постконтакті профилактикасын тағайындау, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелерін де қарастырды.

    Семинар барысында спикер қатысушылардың назарын АИТВ-инфекциясын диагностикалау, тестілеу түрлері, оның ішінде экспресс тест өткізуге аударды.

   Семинардың мақсаты АИТВ-инфекциясының алдын алу және диагностикалау мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің хабардарлығын, кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ медициналық көмек алу кезінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге жол бермеу болып табылады.