Печать
Категория: Uncategorised
Просмотров: 30

       2025 жылғы 24 қыркүйекте Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №64 мекемесінде АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті арасындағы бірлескен ведомствоаралық кеңес өтті.

1

  Кеңестің мақсаты – инфекцияның таралу қаупін азайтуға арналған заманауи алдын алу әдістерін талқылау, тергеу изоляторларындағы және сотталғандар арасындағы АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын күшейту, арнайы контингентті АИТВ-ға тексеру және тестілеу жұмыстарын жандандыру, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен медициналық мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.

Кеңесте АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Бақыт Құлтанова баяндама жасап, арнайы контингентті міндетті тексеруді реттейтін қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге кеңінен тоқталды. Ол медициналық ұйымдар мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері арасында АИТВ-ға тексеру бойынша тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, сотталғандар мен тергеу изоляторларындағы азаматтар арасында жүргізілген алдын алу жұмыстары мен түзеу мекемелерінде тәуекелді мінез-құлық факторларын төмендету бойынша ұсыныстар айтылды.

АИТВ-ның алдын алу орталығының эпидемиолог-дәрігері Айжан Жайлаубаева АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы өзекті мәліметтерді ұсынып, жағдайды тұрақты мониторингілеу мен талдаудың алдын алу шараларын дер кезінде қабылдаудағы маңыздылығын атап өтті.

Қалалық №8 емхананың эпидемиолог-дәрігері Жанылған Жұбанышова №64 және №3 мекемелерде ай сайынғы тексерілген тұлғалардың тізімі және тексеруді ұйымдастыру барысында кездесетін практикалық мәселелерді атап өтті.

ҚАЖД эпидемиологы Ақжұлдыз Кенжебайқызы жабық мекемелерде АИТВ-инфекциясын анықтау мен алдын алудың тиімділігін арттыру жолдарын ұсынды. Оның баяндамасында ерте диагностикалау, АИТВ-ның алдын алу, сондай-ақ бас бостандығынан айырылған адамдарға тұрақты түрде ақпарат беру мен сүйемелдеуді қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Кездесу барысында қатысушылар сотталған азаматтардың денсаулығын қорғау, алдын алу шараларын күшейту және қылмыстық-атқару жүйесінде АИТВ-инфекциясының алдын алу мен ерте анықтаудың тиімділігін арттыру мақсатында ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.   2