Печать
Категория: Uncategorised
Просмотров: 71

      2025 жылы 5 қараша күні Шәкен Айманов атындағы №20 мектепте жоғары сынып оқушыларына арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық дәріс өткізілді.

WhatsApp Image 2025 11 05 at 16.23.39

    Іс-шараның мақсаты – өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу. 

  Дәріс барысында жастар арасында репродуктивті жүйе ауруларының, АИТВ-инфекциясының және жыныстық жолмен берілетін аурулардың (ЖЖБА) алдын алу мәселелері талқыланды. Эпидемиолог көмекшісіВ.А. БулашеваАИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, қорғану тәсілдері және тұрақты медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы туралы айтты. Сондай-ақ, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және қауіпсіз өмір салтын ұстанудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Іс-шарамен барлығы 200 оқушы қамтылды.