Печать
Категория: Uncategorised
Просмотров: 17

    Астана қаласында Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің колледжінде Репродуктивті денсаулық апталығы мен Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған еске алу күніне арналған семинар-тренинг өтті. Іс-шара «Жас қала» Жастар денсаулық орталығының ынтымақтастығымен ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2025 05 14 at 12.23.27 1

Семинар-тренинг барысында мамандар студенттерге АИТВ-ның берілу жолдары, қорғау әдістері, АИТВ мен ЖЖБИ-ге уақтылы тексерудің, скринингтік тексеруден және вакцинациядан өтудің маңыздылығы туралы айтып берді. Жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау, отбасын жоспарлау, гинекологиялық аурулардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттерге репродуктивті денсаулыққа әсер ететін қауіп факторлары туралы да айтылды.

«Біздің біліміміз — бұл біздің қорғанысымыз, біз неғұрлым ақпаратты көп білсек, аурулардың алдын алуда тиімдірек бола аламыз», — деп атап өтті қалалық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігері А.А. Идрисова.  Іс шарамен 33 студент қамтылды