Печать
Категория: Uncategorised
Просмотров: 97

   2025 жылдың 11 қыркүйегінде Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназиясында ата-аналар, сарапшылар, педагогтар мен мектеп психологтары арасында ашық диалог форматында ұйымдастырылған «Отбасы және жасөспірім» атты дөңгелек үстел өтті.

WhatsApp Image 2025 09 12 at 15.22.08

       Кездесудің басты мақсаты жасөспірімдерді тәрбиелеу мен дамытудың, олардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайтудың өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ өз қауіпсіздігі мен болашағына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру болды.

    Дөңгелек үстел барысында келесі тақырыптар қарастырылды:

Сөз сөйлеген сарапшылар жасөспірімдерді тәрбиелеудің, құқық бұзушылықтар және нашақорлықтың алдын алудың негізгі факторы - мектеп пен ата-ана арасындағы ашық диалог екенін атап өтті. Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры К.К.Аскаров қатысушыларға жоғары сынып оқушыларымен ақпараттық жұмыс жүргізудің маңыздылығы туралы айтып, оқушылармен профилактикалық жұмысты ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.

            Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар мектеп пен отбасы арасындағы әріптестікті нығайту жасөспірімдер үшін қауіпсіз орта құруға ықпал етеді деген қорытындыға келді. Ата-аналар мектеп жобалары мен тәрбие бастамаларына белсенді қатысуға дайын екендіктерін айтып, мұғалімдер мұндай кездесулерді тұрақты түрде жалғастыру ниетін білдірді.

 WhatsApp Image 2025 09 12 at 15.21.47WhatsApp Image 2025 09 12 at 15.22.30WhatsApp Image 2025 09 12 at 15.22.50