Бұл күні қаланың 60-тан астам тұрғыны дәрігер инфекционист, дерматовенеролог және гинеколог мамандарынан кеңес алып, АИТВ-ға тегін тексеруден өтті.Келушілерге инфекцияның таралу жолдары, қорғаныс әдістері және тұрақты тексерудің маңыздылығы туралы ақпараттық материалдар ұсынылды.

       АИТВ орталығының мамандары қала тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, АИТВ туралы кең таралған мифтерді жоққа шығарды.Ерте анықтау мәселелеріне, алдын алудың заманауи әдістеріне, соның ішінде байланысқа дейінгі профилактикаға және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға деген толерантты көзқарасты қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

     Ұйымдастырушылардың айтуынша, Ашық есік күнін өткізу халықтың хабардарлық деңгейін арттыруға және елордада АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын нығайтуға ықпал етеді.

WhatsApp Image 2025 11 14 at 16.19.59

 WhatsApp Image 2025 11 14 at 16.19.59 1