АИТВ-ның алдын алу ақпараттандырудан басталады. Білім жастарға денсаулық пен қауіпсіздік мәселелеріне саналы түрде қарауға көмектеседі. АИТВ мен ЖЖБИ-нің алдын-алудың ең тиімді әдістерінің бірі-әр жыныстық қатынас кезінде презервативті қолдану. АИТВ және басқа жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға жүйелі түрде тестілеу де маңызды.
- Профилактикада АИТВ-мен ауыратын адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке баса назар аударылады. Ашық және құрметпен қарау адамдарға өз мәртебесін білуден қорықпауға, көмек сұрауға және қажет болған жағдайда емдеуді уақтылы бастауға көмектеседі, - дейді профилактикалық бөлімнің эпидемиолог дәрігері А. Идрисова.
Дәріс соңында ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.