Орта мектеп оқушылары сабақта танысқан маман ұсынған ақпараттың ауқымы кең болды: «АИТВ-инфекциясы» ұғымдарының мағынасынан басталып АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды емдеу және кемсіту мәселелеріне дейін.
АИТВ-инфекциясының, нашақорлықтың және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың бастапқы профилактикасына бағытталған дәрістер, әңгімелер, тақырыптық акциялар және басқа да іс — шаралар өскелең ұрпақпен жұмыс істеудің басым бағыттарының бірі болып табылады, ал олардың басты мақсаты-жасөспірімдерде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға жауапты мінез-құлық және төзімділік дағдыларын қалыптастыру.
Балалар ақпаратты мұқият тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Дәріс соңында барлығына ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.