ТҒӨО Басқарма төрағасы С.А. Әбдрахманова, Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК директорының орынбасары С.Б.Мусина, Эпидемиология бөлімінің меңгерушісі И.Б.Аймагамбетова сөз сөйледі.

АИТВ орталығының эпидемиологиялық дәрігері – Б.К. Құлтанова мен дәрігер-инфекционист М.К.Абдумананова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №211 «АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық тексеру қағидалары» бұйрығына сәйкес АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ инфекциясы кезінде мүмкін болатын клиникалық симптомдар бойынша презентациялар ұсынып, донорлар арасындағы АИТВ сырқаты бойынша мәселелер қаралды.

Қатысушылардонорларға кеңес беру, донорларды іріктеу бойынша ұсыныстарды, донорлыққа қатысатын адамдардағы ықтимал қауіп факторларын қарады.

Семинар-кеңесте ДДҰ қайта даярлаған 4 буынның экспресс-тесттерін қолдану бойынша ақпарат берілді.