АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталықтың қызметі адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромын (ЖИТС) алдын алуды, диагностикалауды және емдеуді ұйымдастыруға бағытталған.
Астана қаласының әкімдігі Кәсіпорынның құрылтайшысы және оған қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып табылады.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес АҚТҚ инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шаралар:
- халықтың әртүрлі топтары үшін мақсатты профилактикалық және білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;

- халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы АҚТҚ инфекциясы бойынша эпидемиялық жағдай туралы және алдын алу шаралары туралы хабардар ету;
- халықтың әртүрлі топтары үшін ақпараттық материалдарды әзірлеу және тарату;
- жыныстық жолмен және қан арқылы АҚТҚ инфекциясын жұқтырудан қорғау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;
- сенім, жасырын тестілеу, психологиялық, заңгерлік және медициналық кеңес беру пункттерін құру;
- халыққа тері қабатының тұтастығының бұзылуына байланысты қызметтер көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.