№ 83 мектеп-гимназияда «Отбасы және жасөспірім» дөңгелек үстелі өтті
2025 жылдың 11 қыркүйегінде Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназиясында ата-аналар, сарапшылар, педагогтар мен мектеп психологтары арасында ашық диалог форматында ұйымдастырылған «Отбасы және жасөспірім» атты дөңгелек үстел өтті.
Подробнее: № 83 мектеп-гимназияда «Отбасы және жасөспірім» дөңгелек үстелі өтті
Алдын алу-АИТВ-дан қорғаудың сенімді әдісі
Астана қаласы Қасым Қайсенов атындағы № 27 мектеп-лицейінің 9-11 сынып оқушыларына АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өткізілді.
Астана қаласының пенитенциарлық жүйесі мекемелеріндегі семинар
2025 жылғы 10 қыркүйек Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы А.И. Жаманова ҚАЖД № 64 мекеменің жеке құрамы мен арнайы контингент үшін «Пенитенциарлық жүйеде АИТВ-инфекциясының алдын алу» семинарын өткізді. Дәрігер АИТВ-ның берілу жолдары мен қорғау шаралары, елордадағы эпидемиологиялық жағдайымен, сондай-ақ қатысушыларды АИТВ-инфекциясына тексерілу ережелерімен таныстырып, уақытылы емдеудің, тестілеудің маңыздылығын атап өтті.
ТолығырақАстана қаласының пенитенциарлық жүйесі мекемелеріндегі семинар
Жасөспірімдер АИТВ туралы не білуі керек
Жасөспірімдер АИТВ туралы не білуі керек?АИТВ-инфекциясының таралуы және елдер арасындағы ашық шекаралар жағдайында бүгінгі таңда жасөспірімдер мен жастардың АИТВ туралы білімі өте өзекті. Осы мақсатта, бүгін, 11 қыркүйекте дәріс қатысушылары - 62 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушылары Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманынан АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы көп нәрсе білді.
«ONEGE Емдеу» ЖШС медицина қызметкерлеріне арналған семинар
09.09.2025 ж. АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологиялық бөлімінің эпидемиологдәрігері Жакупова Б.Р., «ONEGE Емдеу» ЖШС медицина қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізді.
Подробнее: «ONEGE Емдеу» ЖШС медицина қызметкерлеріне арналған семинар