Елордада «Бәйтерек» пен «Ханшатыр» ғимараты қызыл түспен жарықтандырылды
Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аясында биыл «Біз есімізде ұстаймыз. Біз әрекет жасаймыз, Біз АИТВ-дан жоғарымыз», Нұр-Сұлтан қ. ЖИТС орталығының бастамасымен, елорда әкімдігінің қолдауымен, 2022 жылғы 14 мамырда кешке «Бәйтерек» монументі мен «Ханшатыр» СОО ғимараттары қызыл түспен жарықтандырылды.
Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік ЖИТС құрбандарын еске алу күні аясында баспасөз конференциясы өтті
2022 жылдың 13 мамырында Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында Дүниежүзілік ЖИТС құрбандарын еске алу күні аясында бұқаралық ақпарат құралдарының журналистеріне арнап баспасөз конференциясы өтті.
Нұр-Сұлтан қаласында «Біз есте сақтаймыз. Біз әрекет етеміз. Біз АИТВ-дан жоғарымыз» атты кең ауқымды акциясы өтті
2022 жылғы 12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының «Студенттер» саябағында Дүниежүзілік ЖИТС-дан құрбандарын еске алу күні аясында қала тұрғындары мен қонақтарына арнап, қала әкімдігі, «Алматы» ауданының әкімдігі, мәдениет басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының қолдауымен «Біз есте сақтаймыз. Біз әрекет етеміз.Біз АИТВ-дан жоғарымыз» атты кең ауқымды акциясы өтті.
2022 жылдың 19-20 сәуірінде Алматы қаласында тренинг өтті
2022 жылдың 19-20 сәуірінде Алматы қаласында ЖИТС, туберкулез және малериямен күрес жөніндегі Жаһандық қордың қолдауымен Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ЖИТС және психикалық денсаулық орталықтарының мамандары мен баспасөз хатшыларының хабардарлығын арттыру бойынша тренинг өтті.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасын талқылау
2022 жылғы 30 наурызда ЖИТС орталығы ұжымының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің превенция басқармасының бас маманы Аңсағанова Әйгерім Аңсағановамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында жақында қабылданған «Қазақстан Республикасыныңсыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 02.02.2022 жылғы № 802 Жарлығы туралы баяндалды.