Тренингте журналист, ҚДИАҒО баспасөз хатшысы М. Максимова АИТВ туралы дұрыс лексика мен ақпаратты орналастыру, БАҚ-та АИТВ-инфекциясын жариялау мәселелері бойынша сөйледі. Өкінішке орай АИТВ тақырыбындағы саяси дұрыстықты елемеу адамдарға дұрыс шешім қабылдауға кедергі келтіретін қате түсініктерді тудырды. Сондай-ақ, М. Максимова АИТВ-инфекциясы туралы ақпаратты толық және дұрыс қабылдау үшін БАҚ арқылы АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу керектігі туралы айтып берді.
Дәрігер-эпидемиолог З.Рахимбаева Астана қаласында АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдайларға қысқаша шолу жасады.
Директор К. Аскаров БАҚ-тың АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелерін жариялаудағы рөлі өте маңызды екенін және халық арасында АИТВ туралы дұрыс ақпараттың қалыптасуына әсер ететінін атап өтті. К. Аскаров журналистерге ақпараттық қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, одан әрі тығыз ынтымақтастыққа сенім білдірді.