Кездесу күн тәртібінде - 2025 жылдың 8 айындағы донорлық қан қауіпсіздігі бойынша бірлескен жұмыстың қорытындысы.
Семинар-кеңесте спикерлер АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ инфекциясы ағымының клиникалық ерекшеліктері, АИТВ инфекциясы кезінде мүмкін болатын симптомдар туралы айтып берді, ҚР ДСМ 27.11.2020 ж. №211 бұйрығына сәйкес донорлар арасында ерте профилактика шараларына, қан донорларына тестке дейінгі кеңес беруге ерекше назар аударылды.
Семинар-кеңес шеңберінде профилактикада түсіндіру жұмыстарын қоса алғанда, халықтың хабардарлығы шешуші рөл атқаратыны атап өтілді.
Семинар-кеңес барысында қатысушылар ТҒӨО-да инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, трансфузиялық берілу жолының алдын алудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ АИТВ-инфекциясының байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі алдын алу мәселелері талқыланды.
Кездесудің мақсаты донорлық қанның инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды талқылау және әзірлеу және АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастық болып табылады.