АИТВ-инфекциясының алдын алу іс-шараларды жүзеге асыру аясында семинарға бөлім меңгерушілер, жалпы практика дәрігерлері, акушер-гинеколог, педиатрлар, орта медициналық буын персоналы қатысты. Оқыту барысында АИТВ инфекция саласындағы қолданылып жүрген нормативті құжаттар туралы ақпарат жеткізілді. Дәрігерлерге, пациентке тестілеу алдында кеңес жүргізу, клиникалық көрсеткіштер бойынша тексеруге, дифференциалды тәсіл қолдануға, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша реципиенттерді, жүкті әйелдермен, жыныстық серіктестерін уақытылы тексеруге ерекше назар аударылды. Диагнозды уақытылы қою, емдеу тағайындау - АИТВ инфекциясының алдын алу шараларының бірі екені де дәрігерлерге ескертілді.

Семинардастигма және дискриминация туралы, АИТВ-на экспресс-тест өткізудің мәселелері де айтылды. Экспресс тесттердің қолдану көрсеткіштері, оларды жүргізу ережелері, нәтижелерді интерпретациялау және ВИЧ диагностикалау барысында қан алудың ережелері де қарастырылды.