Кездесуде АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері А.Жаманова жұқтыру жолдары мен алдын алу шаралары туралы, АИТВ-дан қорғау құралы ретінде жауапты мінез-құлықтың маңыздылығы туралы айтып, оқушыларды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды. Кездесудің ұраны АИТВ-инфекциясының тиімді профилактиканың үш негізгі тетігі болды: Білім! Таңдау!Жауапкершілік!
Кездесу соңында оқушыларға ақпараттық-ағарту материалдары таратылды. Кездесуге барлығы 420 оқушы қатысты.