Оқушылар АИТВ-ның берілу жолдары, қорғаныс әдістері, уақтылы тестілеудің маңыздылығы, сондай-ақ вирусқа қатысты жалпы мифтер туралы білді. Дәрістің жалғасында жастар арасында АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу тақырыбы қозғалды. Қорғаныс әдістеріне, тұрақты медициналық тексерулердің маңыздылығына және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

           Дәріс ашық форматта өтті: оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманның кәсіби жауаптарын ала алды.

 WhatsApp Image 2025 11 05 at 15.11.36 2

WhatsApp Image 2025 11 05 at 15.11.36 1