Дүниежүзілік науқан аясында халықтың түрлі топтарын қамтитын іс-шаралар кешені өткізіледі: «дөңгелек үстелдер», семинарлар, тренингтер, баспасөз конференциялары, акциялар, конкурстар, спорттық іс-шаралар, көрмелер, сұрақ-жауап кештері. Олардың барлығы АИТВ-инфекциясы және оның алдын алу мәселесі туралы халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған.

Дәріс барысында АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, оның алдын алу әдістері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділікті қалыптастыру мәселелері, сондай-ақ білім беру жүйесіндегі алдын алу принциптері талқыланды. Жасөспірімдерге репродуктивті денсаулықты сақтау, АИТВ және ЖЖБИ инфекциясынан жеке қорғану, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстану мәселелері жөнінде ақпарат берілді.Дәріс ашық талқылау және пікір алмасу форматында өтті.

Іс-шараға 90 адам қатысты. Барлық қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

  WhatsApp Image 2025 11 10 at 16.12.34

  WhatsApp Image 2025 11 10 at 16.11.54