Қалалық АИТВ-инфекцияның алдын алу орталығының профилактика бөлімінің эпидемиолог дәрігері А. Идрисова №47 және №91 мектеп-гимназияларының орта және жоғары сынып оқушыларына «АИТВ-инфекциясының алдын алу. Неліктен жасөспірімдермен сөйлесу маңызды?» тақырыбында дәрістер өткізді.

WhatsApp Image 2025 09 22 at 08.44.45

 

        Дәрістер барысында адамгершілік және жыныстық тәрбие мәселелері қарастырылды. Оқушыларға жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ), соның ішінде АИТВ-инфекциясының берілу жолдары және олардың алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді.

Жеке назар жасөспірімдер мен жастардың АИТВ-инфекциясына шалдығу бойынша қаупті топқа жататынына аударылды. Бұл олардың ересек өмірге қадам басқан кезде жыныстық мінез-құлықтағы түрлі тәжірибелер кезеңінен өтуімен, сондай-ақ психоактивті заттарды қолданумен байланысты болуы мүмкін екенін айтылды.

АИТВ-ның алдын алу шаралары қарапайым екені атап өтілді: алдын алу жөнінде ақпараттандыру, жыныстық қатынасты бастау уақытын саналы әрі жетілген жасқа шегеру жеке гигиена ережелерін сақтау, есірткі мен алкогольден бас тарту.

Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. Дәрістерге барлығы 340 адам қатысты.  

WhatsApp Image 2025 09 22 at 08.44.46