Іс-шара «Болашақты бірге жоспарлаймыз!» Шеврон компаниясының қолдауымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылды.

Бағдарлама аясында Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы Жанна Бекетова сөз сөйлеп, АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу әдістері, сондай-ақ АИТВ-ға және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға (ЖЖБИ) уақтылы тестілеудің маңыздылығы туралы өзекті ақпаратты ұсынды.

Семинар-тренингтің мақсаты жасөспірімдерге, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға және халықтың негізгі топтарына көмек көрсету бойынша Жастар денсаулық орталықтары мамандарының білім деңгейін және практикалық дағдыларын арттыру болды. АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелеріне, оның ішінде байланысқа дейінгі және кейінгі профилактикаға ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында қатысушылар АИТВ жұқтыру жолдары, қорғау әдістері, АИТВ және ЖЖБИ-ге уақтылы тестілеудің маңыздылығы, ақпаратпен танысты. Өз сөзінде Ж. Бекетова Жастар денсаулық орталықтарының АИТВ-ға тексерудің қолжетімділігі мен уақтылығын қамтамасыз етудегі, жасөспірімдерді қолдаудағы, сондай-ақ оларға АИТВ мен ЖЖБИ-нің алдын алу туралы сенімді ақпарат берудегі рөліне тоқталды.

Бағдарламаның жеке блогы жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға, отбасын жоспарлау мәселелеріне және гинекологиялық аурулардың алдын алуға арналды.

Қатысушылар АИТВ-инфекциясының алдын алу және репродуктивті денсаулықты нығайту мәселелері бойынша халыққа білім беру саласындағы одан әрі ынтымақтастық және бірлескен жұмыс жөніндегі ұсыныстарды талқылады.

  

  WhatsApp Image 2025 11 11 at 14.31.49

 WhatsApp Image 2025 11 11 at 14.31.50