Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының профилактика бөлімінің маманы «№ 1 Автобус паркі» АҚ қызметкерлеріне «Еңбек саласындағы АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.
Іс-шараға қатысушыларға АИТВ-ның жұқтыру жолдары мен алдын алу шаралары, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар кездесетін стигма мен кемсітушілік, сондай-ақ осы ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы толық ақпарат берілді.
Дәрістен кейін тыңдаушылар қызықтырған сұрақтарын қойды. Кездесудің барлық қатысушыларына АИТВ-инфекциясына және оның алдын алуға қатысты ақпараттық-оқыту материалдары табыс етілді.