2025 жылдың 28 шілдесінде Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Г. Сакупова, Health and Science Center «М1» ЖШС медицина қызметкерлері үшін семинар өткізді. Семинарға қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды(ҚРТ) саласындағы медицина қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында 2025 жылдың 6 айындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, аппатық жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмі, диагностика әдістері, оның ішінде экспресс-әдіс мәселелері қаралды. Эпидемиолог дәрігер АИТВ-ға тексеруге клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштерге ҚР ДСМ 27.11.2020 ж. № 211 бұйрығына сәйкес назар аударды. Сондай-ақ медициналық тәжірибеде құпиялылықты сақтаудың маңыздылығын атап өтті. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинардың мақсаты АИТВ-инфекциясының алдын алу және диагностикалау мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің хабардарлығын, кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ медициналық көмек алу кезінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге жол бермеу болып табылады.