06.11.2025 ж. АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары М. К. Абдумананова, Г.А. Сакупова ҚР ДСМ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлері үшін оқыту семинарын өткізді.
Семинарда Астана қаласы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың өзекті статистикасы, 2025 жылғы 10 айдағы АИТВ-инфекциясын тіркеудің салыстырмалы деректері, оның ішінде жасына, жұғу жолдары, әлеуметтік мәртебесіне қарай таралу жағдайлары ұсынылды, АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базамен танысу жүргізілді. Босануға түсетін жүкті әйелдердің алдын алу әдістеріне ерекше назар аударылады
Оқыту семинарында клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексеру, зертханалық тексерудің аналитикалық кезеңінің сапасын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, аппатық жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмі, АИТВ-инфекциясының байланыстан кейінгі профилактикасын тағайындау мәселелері қаралды.
АИТВ орталығының мамандары қатысушылардың назарын АИТВ-инфекциясының алдын алу және АИТВ жұқтырған адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу бойынша халықтың хабардарлығын арттыру қажеттігіне аударды.











