АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының алдын алу бөлімінің дәрігер-эпидемиологы А.И.Жаманова өз сөзінде АИТВ-ның берілу жолдары мен қорғау шаралары, АИТВ-мен ауыратын адамдарды кемсітуге және стигмаға жол бермеу тақырыптарға тоқталды. Қоғамда АИТВ-мен байланысты көптеген мифтер бар, кейбіреулері қорқыныш және де басқа жағымсыз эмоциялар тудырады.
Салауатты өмір салтын ұстану, өз денсаулығына және жақын адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарау - жас ұрпақ үшін өзекті мақсаттар. Оқушылар бүгін дәрісте алған АИТВ, ЖЖБИ, нашақорлықтың алдын алу бойынша жаңа білімдері осы мақсаттарға қол жеткізуді жақындатады, деп сендірді ұйымдастырушылар.
Дәріске _ _ _ астам оқушы қатысып, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.