АИТВ-инфекциясы - адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауру. Бұл вирус адам ағзасына еніп, ағзаның қорғаныс жүйесіне, яғни иммунитетке әсер етеді деп, профилактикалық бөлімнің эпидемиологы Жанна Бекетова дәрісті бастады. Ол инфекцияның таралу жолдары мен алдын алу тәсілдері туралы айтты.                                Іс - шараның басты хабары - инфекцияны қалай болдырмауға болады. Жасөспірімдер негізгі компоненттерді анықтады: салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану, есірткі қолданбау. Проблемалық жағдайда сіз ата-аналармен, мұғалімдермен, дәрігерлермен сөйлесіп, немесе АИТВ-инфекциясы орталығына сенім телефонына қоңырау шалуыңыз керек. АИТВ-дан қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, адам жақын адамдарға да қамқорлық жасайды. #АИТВорталағыАстана #АИТВТоқта.

150925