2025 жылғы 13-14 мамыр күндері Репродуктивті денсаулық апталығы аясында А.Бөкейхан атындағы №76 мектепте және №26 мектеп-гимназияда жоғары сынып оқушыларына алдын алу дәрістер өткізілді. Іс-шара Астана қаласы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы өкілдерімен бірлесе ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2025 05 14 at 16.32.21

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерді құқықтық сауаттылыққа баулу, жеке денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу.

Дәрістің алғашқы бөлігінде Астана қаласы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Н.Н. Рахимова оқушыларға құқық бұзушылық түрлері, олардың салдары мен заң алдындағы жауапкершілік туралы айтты. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды интернет арқылы құқыққа қарсы әрекеттерге тарту қаупі мен әлеуметтік желілердің жасөспірімдерге қатысты қылмыстар деңгейіне әсері талқыланды.

Дәрістің келесі бөлімінде жастар арасында репродуктивті жүйе ауруларының, АИТВ-инфекциясы мен ЖЖБИ-дің алдын алу мәселелері қаралды. Эпидемиолог дәрігер Г.Е. Қаратаева жұқпалардың таралу жолдары, олардан қорғану әдістері мен тұрақты медициналық тексерістің маңыздылығы туралы баяндады. Жасөспірімдердің денсаулығына жауапкершілікпен қарауы мен қауіпсіз өмір салтын таңдауы мәселесіне ерекше назар аударылды.

Іс-шара 330 оқушыны қамтыды.

WhatsApp Image 2025 05 14 at 16.32.30

 WhatsApp Image 2025 05 14 at 16.32.33

 WhatsApp Image 2025 05 14 at 16.32.29