Астана қаласының Astana IT University студенттері АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы көптеген жаңа және пайдалы нәрселерді білді.

Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы студенттерге АИТВ-ның берілу жолдары мен оны қорғау тәсілдері туралы дәріс оқыды.

WhatsApp Image 2025 10 02 at 12.53.54

         АИТВ-ның алдын алу ақпараттандырудан басталады. Білім жастарға денсаулық пен қауіпсіздік мәселелеріне саналы түрде қарауға көмектеседі. АИТВ мен ЖЖБИ-нің алдын-алудың ең тиімді әдістерінің бірі-әр жыныстық қатынас кезінде презервативті қолдану. АИТВ және басқа жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға жүйелі түрде тестілеу де маңызды.

     - Профилактикада АИТВ-мен ауыратын адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке баса назар аударылады. Ашық және құрметпен қарау адамдарға өз мәртебесін білуден қорықпауға, көмек сұрауға және қажет болған жағдайда емдеуді уақтылы бастауға көмектеседі, - дейді профилактикалық бөлімнің эпидемиолог дәрігері А. Идрисова.

     Дәріс соңында ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

 WhatsApp Image 2025 10 02 at 12.53.55