Астана қаласыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп «Жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі Қазақстандық ассоциация» қоғамдық қауымдастығы ұйымдастырған семинар-тренинг өтті.
Іс-шара «Болашақты бірге жоспарлаймыз!» Шеврон компаниясының қолдауымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылды.
Бағдарлама аясында Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы Жанна Бекетова сөз сөйлеп, АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу әдістері, сондай-ақ АИТВ-ға және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға (ЖЖБИ) уақтылы тестілеудің маңыздылығы туралы өзекті ақпаратты ұсынды.
Семинар-тренингтің мақсаты жасөспірімдерге, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға және халықтың негізгі топтарына көмек көрсету бойынша Жастар денсаулық орталықтары мамандарының білім деңгейін және практикалық дағдыларын арттыру болды. АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелеріне, оның ішінде байланысқа дейінгі және кейінгі профилактикаға ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында қатысушылар АИТВ жұқтыру жолдары, қорғау әдістері, АИТВ және ЖЖБИ-ге уақтылы тестілеудің маңыздылығы, ақпаратпен танысты. Өз сөзінде Ж. Бекетова Жастар денсаулық орталықтарының АИТВ-ға тексерудің қолжетімділігі мен уақтылығын қамтамасыз етудегі, жасөспірімдерді қолдаудағы, сондай-ақ оларға АИТВ мен ЖЖБИ-нің алдын алу туралы сенімді ақпарат берудегі рөліне тоқталды.
Бағдарламаның жеке блогы жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға, отбасын жоспарлау мәселелеріне және гинекологиялық аурулардың алдын алуға арналды.
Қатысушылар АИТВ-инфекциясының алдын алу және репродуктивті денсаулықты нығайту мәселелері бойынша халыққа білім беру саласындағы одан әрі ынтымақтастық және бірлескен жұмыс жөніндегі ұсыныстарды талқылады.










