10.11.2025 ж. АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологиялық бөлімінің эпидемиологдәрігері Жакупова Б.Р. «INTERTEACH» Жаңұялық дәрігерлік емханасында медицина қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізді. Семинарда қызметкерлер Астана қаласындағы 2025 жылдың 9 айындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайымен таныстырылды..

WhatsApp Image 2025 11 11 at 15.47.09

  ҚР ДСМ-нің 27.11.2020 ж. № 211 бұйрығына сәйкес АИТВ-инфекциясы кезінде мүмкін болатын аурулар мен белгілер, анықталған жағдайда халықты клиникалық көрсеткіштер бойынша АИТВ-инфекциясына тексеруге ерекше назар аударылды. Аппатық жағдайлар кезіндегі іс-әрекет алгоритмі, АИТВ-ның постконтакті профилактикасын тағайындау, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелерін де қарастырды.

   Семинар барысында спикер қатысушылардың назарын АИТВ-инфекциясын диагностикалау, тестілеу түрлері, оның ішінде экспресс тест өткізуге аударды.

  Семинардың мақсаты АИТВ-инфекциясының алдын алу және диагностикалау мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің хабардарлығын, кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ медициналық көмек алу кезінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге жол бермеу болып табылады.

 Семинарда Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» тақырыбында бір айлық акция өткізілетіні айтылды.