Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар аясында Дінмұхамед Қонаев атындағы № 66 мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушылары үшін «Жастар» денсаулық орталығымен бірлесіп «АИТВ-инфекциясы және жастар» тақырыбында дәріс өткізді.
Іс-шараның мақсаты - жастардың назарын АИТВ-инфекциясының таралу проблемасына аудару, жас ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін салауатты өмір салтының маңыздылығын түсінуді қалыптастыру, сондай-ақ өз денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығы үшін жеке жауапкершілікті сезіну.
Дәріс барысында АИТВ жұқтыру жолдарына, қауіп факторларына және алдын алу шараларына ерекше назар аударылды.
АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигма және кемсіту тақырыбы, сондай-ақ төзімділік пен оларғақолдаудың маңыздылығы талқылаудың жеке аспектісі болды. Жоғары сынып оқушылары әңгімеге белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті және жастардың хабардарлығын арттыру бойынша идеялар ұсынды.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.










