2025 жылғы 12 қарашада Астана қаласы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы «Жизнь вопреки» қоғамдық ұйымымен бірлесіп Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні акциясы аясында алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының медицина қызметкерлеріне арналған жалпықалалық семинар өткізді. Семинар «АИТВ-мен ауыратын науқастарды басқару. Вирусты гепатит диагностикасы мен емдеудегі пациенттің жүру жолы. Пациенттің құқықтары мен міндеттері» тақырыбына арналды.

WhatsApp Image 2025 11 12 at 16.12.38

АИТВ орталығы директорының міндетін атқарушы Д.В. Панченко сөз сөйлеп, АИТВ жұқтырған науқастар арасында вирустық гепатиттің алдын алу мен емдеудің маңыздылығын, ко-инфекциямен ауыратын науқастарды динамикалық бақылау мәселесін атап өтті. Қалалық гепатоцентрдің басшысы К.А. Шамсивалиева АИТВ және алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы мен гепатоцентрдің өзара әрекеттесу реттілігіне тоқталды, сонымен қатар пациенттерді емдеуге жіберу тәртібі де талқыланады.

 Семинар ұйымдастырушыларының айтуынша, қазіргі уақытта АИТВ-инфекциясы бар науқастарда созылмалы вирустық гепатиттерді емдеуге көп көңіл бөлінеді. Себебі АИТВ-инфекциясы вирусты гепатитке байланысты бауырдың зақымдануының дамуын тездетеді, әсіресе иммунитет тапшылығы бар науқастарда, өйткені ол қандағы ВГС- концентрациясының 2-8 есе жоғарылауына ықпал етеді, бұл асқынуларға және ұзақ емдеуге әкеледі.
Іс-шараның соңында тараптар ко-инфекцияны емдеу бойынша одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

WhatsApp Image 2025 11 12 at 16.12.53