АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі У. Сәулебаев «Human Health Institute» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарының АИТВинфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталықтары мамандарымен халықтың негізгі топтары арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру кезінде Астана қаласы ҮЕҰ-ның үздік тәжірибелерін зерделеу мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді.

WhatsApp Image 2025 11 12 at 16.36.28 1

Кездесу барысында қатысушылар 2025 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау нәтижелерін, халықтың негізгі топтары арасында профилактикалық бағдарламалар шеңберінде ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі шараларды талқылады, АИТВ-инфекциясының алдын алу саласындағы бюджеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру бойынша тәжірибелерімен, сондай-ақ аутрич қызметкерлеріне арналған «OraQuick» АИТВ-ға жедел тестке биоматериалды (сілекей бойынша) алу және қою техникасы бойынша практикалық дағдыларды пысықтау мәселелерімен бөлісті. Бұдан басқа, аутрич-қызметкерлерді дала жағдайында халықтың негізгі топтарының өкілдеріне өз бетінше тексеру жүргізу бойынша одан әрі оқыту жоспарлары қаралды. У.Р. Сәулебаев атап өткендей, ҮЕҰ-мен дұрыс қойылған ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру нәтижелерінде көрініс табады.   

         «Human Health Institute» қоғамдық қорының басшысы А. Қапасов қонақтарға АИТВ-ға өзін-өзі тестілеу жобасының негізгі аспектілерін, байланысқа дейінгі профилактика бағдарламасын кеңейту жөніндегі іс-шараларды және басқа да мәселелерді таныстырды.

           Кеңес соңында қатысушылар 2026 жылға арналған АИТВ бойынша профилактикалық іс-шараларды іске асыру шеңберінде одан әрі өзара ынтымақтастық туралы уағдаласты, сондай-ақ профилактикалық қызметтер көрсету барысында алынған деректерді верификациялау тетігін әзірледі.WhatsApp Image 2025 11 12 at 16.36.27 1