Әдеби-танымдық кеш өтті
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын тойлау қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы ұжымының ұйымдастыруымен «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» тақырыбында әдеби-танымдық кеш өтті. Кешті орталықтың бас дәрігері Сәбит Бекмағамбетұлы Абдраимов ашып, құттықтау сөз сөйледі.
«ARBA market»-де тұрғындарға арналған акция өтті
2019 жылдың 23-24 шілдесінде «Сенің денсаулығың сенің қолыңда» акциясы аясында «ARBA market» ЖШС-де Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС орталығының мамандары Сарыарқа ауданының тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау және сапасы департаментінің және ШЖҚ РМК «Ұлттық сараптама орталығының» Нұр-Сұлтан қалалық филиалының мамандарымен бірлесіп супермаркет қызметкерлері мен сатып алушыларына акция өткізді.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты астаналық ЖИТС орталығы ұжымымен кездесті
2019 жылдың 15 шілдесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару жұмысы мен қызметінің негізгі ережелерін түсіндіру аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Т. Ерман Нұр-сұлтан қалалық ЖИТС орталығында болды.
Нұр-Султан қ. сауналар мен монша кешендерінің кәсіпкерлері үшін семинар
2019 жылдың 11 шілдесінде Нұр-Султан қаласының Кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменті мамандарымен бірлесіп, шағын және орта бизнес басшыларына арналған «Бизнес құрылымдарында АИТВ-ның алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.
«Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Берік отбасы –есірткіденқашық!» ұстанымымен іс-шара өткізілді
2019 жылғы 26 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Берік отбасы – есірткіден қашық!» ұстанымымен ауқымды есірткіге қарсы акция өткізілді.