Орталық базардың «Лотос» қоғамдық тамақтану орнының жұмысшыларына дәріс өткізілді
2016 жылы 10 ақпанда ЖИТС орталығының мамандарымен орталық базардың «Лотос» қоғамдық тамақтану орнының жұмысшыларына және азық-түлік сатушыларына «АИТВ/ЖИТС бойынша негізгі сұрақтар. ҚР және Астана қаласы бойынша АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы»тақырыбына дәрістер өткізілді.
«№5, №6 Автопарк» АО ұйымдарының жұмысшыларына дәрістер өткізілді
ЖИТС орталығының мамандарымен «№5, №6 Автопарк» АО ұйымдарының жұмысшыларына «АИТВ жұқпасының берілу жолдары, ҚР және Астана қаласы бойынша АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы» тақырыптарына дәрістер өткізілді.
ЖИТС орталығы Астана қаласының ІІД қызметкерлерімен бірлесіп рейд жүргізді
ЖИТС орталығы Астана қаласының ІІД қызметкерлерімен бірлесіп, қиын өмірлік жағдайға тап болған, белгілі тұрғылықты жері жоқ тұлғалар мен коммерциялық секс қызметкерлеріне апта сайын АИТВ жұқпасын анықтау және тексеру рейдтерін жүргізді.