Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аясында елорда әкімдігінің қолдауымен, Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бастамасымен 2023 жылғы 21 мамырда кешк3 уақытта «Бәйтерек» монументі мен «Ханшатыр» СОО ғимараты қызыл түспен жарықтандырылды.
2023 жылдың 15 мамыр айында Астана қаласының АИТВ нфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Култанова Б.К. пенитенциарлық мекеме бойынша жауапты медицина қызметкерлері үшін ОДО «Достық» мекемесінде арналған оқыту семинарын өткізді.
2023 жылғы 7 сәуірде Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында негізгі топтар үшін Байланысқа дейінгі профилактика мәселелері бойынша аутрич-қызметкерлердің білім деңгейін арттыру мақсатында АИТВ орталығының, «Шаг в будущее» ҚҚ, «Жизнь вопреки» ҚҚ, «Human Heath Institute» ҚБ аутрич-қызметкерлерімен оқыту семинары өткізілді.
2023 жылғы 6 сәуір мен 7 сәуірде "№2 қалалық көпбейінді аурухана" ШЖҚ МКК және "№3 қалалық көпбейінді аурухана" ШЖҚ МКК акушерлік блоктары базасында "АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы" МКҚК эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық және зертханасының қызметкерлері ескертулерді жою және ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде ҚДИАҒО мамандарына консультативтік-әдістемелік көмек көрсету нәтижелері бойынша дәрістер, сондай-ақ медицина қызметкерлері үшін практикалық сабақтар өткізді.











