09.09.2025 ж. АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологиялық бөлімінің эпидемиологдәрігері Жакупова Б.Р., «ONEGE Емдеу» ЖШС медицина қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізді.
Астана қаласының №7 және №8 қалалық емханаларында 2025 жылы 09-10 қыркүйек аралығында медициналық қызметкерлерге АИТВ инфекциясының алдын алу, әрекеттегі нормативті құқықты актілері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетіліп, соңынан семинар өткізілді.
2025 жылғы 8 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Президент елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындады. Жолдауда көрсетілгендей, денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін жүйелі шаралар қабылданып жатыр:
Елімізде медицина нысандары біртіндеп жаңғыртылуда. Ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункттерден бастап мамандандырылған ауруханаларға дейін жаңартылып жатыр.«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 540 нысан салынды, осы жылдың соңына дейін тағы 115 нысан пайдалануға берілмек.











