Құрметті Нұр-Cұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары
Сіздерді , 2021 жылғы 17 қарашада сағат 18.30-де Қазақ ұлттық өнер университетінің Еуразиялық симфониялық оркестрі студенттерінің орындауында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күндеріне арналған онлайн концертіне шақырамыз.
Концерт тікелей эфирде көрсетіледі.
#УслышатьКаждого #ӘрбірінТүсіну #toHearEveryone челленджін Нұр-Сұлтан қалалық ЖИТС орталығының маманы Жұмагүл Смағұлова жалғастырады.
Челленджге кез келген адам қатыса алады. Бейне үндеуіңізді әлеуметтік желілерге орналастырыңыз, хэштегтерді көрсетуді ұмытпаңыз.
Барлығын есту маңызды!
Елордада 2021 жылдың 15 мен 25 қарашасы аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күндері жарияланды. Осы айтулы күндерге орай өткен іс-шаралардың алғашқысы, қалалық №15 емханада «АИТВ инфекциясының және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу» тақырыбындағы ашық есік күні.
28.10.2021 Ж.Нұр – сұлтан қ. ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Б. К. Култанова "ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы"АҚ медицина қызметкерлеріне семинар өткізді. Семинарда эпидемиолог дәрігер Нұр-Сұлтан қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтып, жұмыс орнында апатты жағдайлардың туындауымен байланысты мәселелерді қозғады, сондай-ақ ЖИТС қызметіндегі НҚА (нормативтік құқықтық құжаттар) назарына жеткізді.