2019 жылдың 21 қарашасында «Астана» республикалық радиосында «Әлеумет тынысы» хабарында «Қоғамдастықтың шешуші рөлі» ұранымен өтетін ЖИТС-пен бүкіләлемдік күрес науқаны шеңберінде ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Жанна Айтмағанбетқызы тікелей эфирде сөйледі.
2019 жылдың 19 қарашасында ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Д. Бексұлтанова Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» медицина университетінің жалпы медициналық факультетінің үшінші курс студенттеріне «Барлығы АИТВ туралы» атты дәріс өткізді.
2019 жылдың 18 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында ЖИТС орталығының мамандары Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жасыл жер» ЖШС қызметкерлеріне арнап акция өткізді.
2019 жылдың 15 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында А2 Супермаркетінің келушілер мен қызметкерлерге арналған акция өтті. Іс-шараны ЖИТС орталығының мамандары Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының ТҚСҚББ өкілдерімен бірлесе отырып ұйымдастырып, өткізді.