Елордада Репродуктивті денсаулық апталығы жалғасуда. 2025 жылдың 15 мамырында «Астана медицина университеті» КЕАҚ студенттері мен оқытушылары үшін «Жастардың репродуктивті денсаулығы және АИТВ-инфекциясының алдын алу» атты ауқымды семинар өтті. Күн тәртібінде: қоғамдық денсаулықтың маңызды бөлігі – репродуктивті денсаулық.
Мейіргерлердің кәсіби мерекесіне орай 2025 жылғы 14-15 мамыр аралығында Түркістан қаласында Денсаулық сақтау министрі А.Ш. Әлназарованың қатысуымен«Мейіргерлік қызметтің дамуының инновациялары мен келешегі» атты Халықаралық форумы өтуде.
2025 жылғы 13-14 мамыр күндері Репродуктивті денсаулық апталығы аясында А.Бөкейхан атындағы №76 мектепте және №26 мектеп-гимназияда жоғары сынып оқушыларына алдын алу дәрістер өткізілді. Іс-шара Астана қаласы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы өкілдерімен бірлесе ұйымдастырылды.
Репродуктивті денсаулықты қорғау және АИТВ мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс мәселелерін ілгерілету шеңберінде АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы «Рауан» Жастар денсаулық орталығымен бірлесіп № 11 мектеп - лицейінде оқушыларға дәріс өткізді.