АИТВ-инфекциясының алдын алу іс-шараларды жүзеге асыру аясында және медициналық персоналдың біліктілігін арттыру мақсатында семинар өткізілді. Оқыту барысында АИТВ инфекция саласындағы қолданылып жүрген нормативті құжаттар туралы ақпарат жеткізілді. медициналық қызметкерлерге назарын, пациентке тестілеу алдында кеңес жүргізу, клиникалық көрсеткіштер бойынша тексеруге, дифференциалды тәсіл қолдануға, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша реципиенттерді, жүкті әйелдермен, жыныстық серіктестерін уақытылы тексеруге ерекше назар аударылды. Диагнозды уақытылы қою, емдеу тағайындау - АИТВ инфекциясының әрі қарай таралуының алдын алу негізі екені де, дәрігерлерге ескертілді.

Семинарда АИТВ-на экспресс-тест өткізудің мәселелері де айтылды. Экспресс тесттердің қолдану көрсеткіштері, оларды жүргізу ережелері, нәтижелерді интерпретациялау және ВИЧ диагностикалау барысында қан алудың ережелері де қарастырылды.

Семинардың соңында туындаған сұрақтарға жауап берілді.

WhatsApp Image 2025 09 11 at 15.53.40

WhatsApp Image 2025 09 11 at 15.53.40 1