WhatsApp Image 2023 11 30 at 10.42.54

 

WhatsApp Image 2023 11 30 at 10.43.04

 

WhatsApp Image 2023 11 30 at 10.43.07

 

WhatsApp Image 2023 11 30 at 10.46.43

 

 

 

 

Спорттық жарысқа жүгіру, арқанмен секіру, доп жүргізу, бадминтон, кегли, обруч түрлері бойынша Астана қаласының түрлі колледждерінен 4 команда құралып, қатысты. Іс-шара барысында балалар ептілік, дәлдік, жылдамдық бойынша жарысты. Жарысқа қатысушылар күш-жігер, ептілік пен төзімділік танытып қана қоймай, командада жұмыс істеу, бір-бірін сезіну және бір біріне көңіл бөлу қабілеттерін көрсетті.

Ал жанкүйерлер үшін залда сұрақ-жауап викторинасы ұйымдастырылды, онда үздік жауаптар үшін сыйлықтар табысталды.

Жарыс соңында қорытындысы шығарылды. Есепте шамалы айырмашылықпен «Желтоқсан» командасы жеңіске жетіп, бірінші орынды иеленді, екінші сатыда «Спандж Боб» командасы жеңімпаз атанды, үшінші жүлдеге «Педагогтар» командасы ие болды.

«Көңілді старттарға» қатыса отырып, балалар өздерін нағыз ұжым ретінде сезінді! - деді менеджмент, бизнес және білім колледжі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Бектұрсынова Раушан Әжібекқызы. - Жарыс Спорт, денсаулық және жастар мерекесіне айналды! Барлық командалар грамоталармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Барлығы керемет сергектік пен жағымды эмоциялар алды!

Мұндай іс - шараларды өткізудің басты мақсаты жастардың АИТВ - инфекциясы мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттыру, АИТВ-ға тестілеуден өтуге ынталандыру, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділікті қалыптастыру, - деп түсіндірді АИТВ орталығының директоры Қанат Асқаров.