2

WhatsApp Image 2023 11 30 at 14.27.28

 

«Астана» медицина университетінің стоматология факультетінің 1 курс студенттері жөне қоғамдық денсаулық сақтаудың факультетінің 4 курс студенттері келушілердің назарына флешмоб би нөмірін ұсынды.

Бұл акция АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша жастардың назарын аударуға және ақпараттандыруға, АИТВ-ға тестілеуден өтуге ынталандыруға, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділікті қалыптастыруға бағытталған.

Барлық ниет білдірушілер АИТВ-ға жедел тестілеуден тегін және жасырын өтуге және қысқа уақыт ішінде АИТВ мәртебесін білуге, сондай-ақ АИТВ-инфекциясы бойынша кеңес пен брошюралар алуға мүмкіндік алды.