2024 жылғы 16 мамырда АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу Халықаралық күні аясында бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз конференциясы өтті. Бұл іс-шараға үкіметтік емес ұйымдар және қаланың медициналық ұйымдары жанындағы Жастар денсаулық орталықтарының үйлестірушілері қатысты.

170524

   

Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аясында 2024 жылдың 15 мамырында Менеджмент, бизнес және білім колледж базасында студенттерге арналған «Дені сау отбасы – салауатты ұлт» тақырыбында семинар өтті, онда жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері қарастырылды.



фото ССУЗ3

     

Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының профилактикалық бөлімнің мамандары Жаманова А.И., Бекетова Ж.К., Каратаева Г.Е., Нургалиева С.Т. жоғары сынып оқушыларының АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттандыру және білім деңгейін арттыру мақсатында № 21 орта мектепте, №28,50,54 мектеп-лицейлерде және № 40, 51 мектеп- гимназияларда семинар мен лекциялар өткізді.

 WhatsApp Image 2024 05 14 at 16.37.49

     

2024 жылғы 14-15 мамырда, Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аясында, Астана қаласындағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №№3,64 мекемелерінде жеке құрам арасында «АИТВ-инфекцияның пенитенциарлық системасында алдын алу» тақырыбына байланысты семинар өткізілді. 

 cc7dea1e d258 423e 9e51 4a560a7e9b21

1 Постер Триплет 1