16-шы мамырда Елорда сағатымен кешкі 21.00-ден 23.30-ға дейін «Бәйтерек» монументінің жарығы қызыл түске боялып жанды.

Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісі - Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні.

Rrqy3eDiTNJcfFDAhRQgVvnV6E4KJ3P7xaVJT90x

Дүниежүзілік ЖИТС құрбандарын еске алу күніне орай елордалық СПИД орталығының мамандары Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылғы 14 мамыр мен 16 мамыр аралығында қаламыздағы ҚТЖ ҰК» АҚ ғимаратында (Қонаев көшесі, 6) әлеуметтік бейне роликтер кешкі уақыттарда үздіксіз көрсетілді.

11

Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісі - Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылады, биыл сол күн 16 мамырға сәйкес келді.

1233122

 

1

2021 жылдың 11 мамырында Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аясында «Есіл» ауданы әкімдігінің және «Жасыл жер» ЖШС қолдауымен ЖИТС орталығының мамандары «Жизнь вопреки» және «Шаг в будущее» қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп, елорданың Ботаникалық бағында ағаш (шырша) отырғызу бойынша «АИТВ: теңсіздікті жою» акциясын өткізді.

IMG 3204 min

Елордалық ЖИТС орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аясында «Қызыл Ай Қоғамының» Астана қалалық филиалының (ҚАҚ АҚФ) қолдауымен қайырымдылық акциясы өтті. Қайырымдылық акциясы АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды әлеуметтік қолдау мақсатында өткізіледі және жыл сайын ҚАҚ АҚФ-ның игі дәстүріне айналды.